Monthly Archives: қыркүйек 2020

Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді — Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Президентке егін орағы науқанының соңғы кезеңі туралы ақпарат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 млн гектары немесе 76% жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 центнерден айналып отыр. Астық жинауға 9100  комбайн жұмылдырылған, ...

Толығырақ »

Қостанай облысы: Қасым-Жомарт Тоқаев «Милх» ЖШС-ге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты ...

Толығырақ »

Президент Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы бүгін өзінің facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, диқандармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі» деп жазды ол.  

Толығырақ »

Ішкі саясат басқармасына басшы болып Бибігүл Аққожина тағайындалды

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің өкімімен облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бибігүл Бүркітқызы Аққожина тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бибігүл Бүркітқызы 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Ішкі саясат саласында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да психология оқытушысы болып бастап, кейінгі жылдары облыстық ...

Толығырақ »

Биыл 170 есірткі қылмысының жолы кесілді — облыс әкімі

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, онда алкогольдік және есірткілік масаң күйде жасалған қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   «Құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылады, Қылмыстық және Әкімшілік кодекске, сондай-ақ Халық денсаулығы туралы кодекске түзетулер енгізу туралы бірқатар заңға қол қойылды, онда қылмыстық және ...

Толығырақ »

«10,8 млн теңге»: Қостанай шенеуніктері кәсіпкерді пара беруге мәжбүрлеген

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот алдындағы тергеу амалдарын бастады.  Alau.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, шенеуніктер қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына төлем ретінде 10,8 млн теңге көлеміндегі ақшаны беруге заңсыз мәжбүрлеген. Қазірде ...

Толығырақ »

Бүгін — жерлесіміз, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін жерлесіміз, Ұлт ұстазы, Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 2017 жылы Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Ұлт ұстазы Ахаңның туған күні құрметіне 5 қыркүйекке ауыстырылды. Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде Жангелдин ауданы ...

Толығырақ »

Биыл Торғай боксит кен басқармасы жұмысын тоқтатады. Кеншілердің жағдайы не болмақ?

Иен даладан қала тұрғызуға себепкер болған Торғай боксит кен басқармасы пайдалы қазбаның бітуіне байланысты жұмысын 2021 жылдың аяғына дейін толықтай тәмамдайтыны айтылып келген болатын. Алайда, пандемиядан кейін күрт нашарлаған әлемдік экономикалық ахуалдың кесірінен кәсіпорын өз қызметін жоспарланғандай келер жылы емес, биыл аяқтамақ. Ал осында еңбек етіп, нәпақасын тауып келген 500 адамның болашағы қалай болмақ?! Бұл туралы Арқалық қаласы әкімдігінің facebook-парақшасында ...

Толығырақ »

Жолдауда тапсырылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс істейміз — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша облыс активінің отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Президент «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: ic-қимыл уақыты» атты Жолдауында таяу болашақтағы жұмыс бағыттарының бірі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының өсуін атап өтті, — деді облыс басшысы. Сондай-ақ әкім мемлекеттік қолдаудың барлық теңдессіз шаралары, ең алдымен, азаматтарымыздың ...

Толығырақ »

Әйгілі «Қара бүркіт» колониясы бастығының апасы мәлімдеме жасады

Жуырда парамен ұсталды деген «Қара бүркіт» түрмесінің басшысы Арман Әбілевтің туысы «ТоболИнфо» ақпарат агенттігіне жүгініпті. Ол өзінің тегі мен жүзін көрсетуден бас тартқан. Бұл әрекетін ол кейін өзіне және ағасына кері әсер етуімен түсіндірген. Айта кетейік, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы сотталушыға жалпы қамқорлығы үшін пара алғаннан кейін ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ...

Толығырақ »