Жолдауда тапсырылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс істейміз — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша облыс активінің отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Президент «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: ic-қимыл уақыты» атты Жолдауында таяу болашақтағы жұмыс бағыттарының бірі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының өсуін атап өтті, — деді облыс басшысы.

Сондай-ақ әкім мемлекеттік қолдаудың барлық теңдессіз шаралары, ең алдымен, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын, бұл міндетті іске асыру үшін «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың ерекше маңызы бар екенін, билік пен қоғам диалогының форматы елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге қабілетті екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің елімізде «жауапты мемлекет–жауапты қоғам– жауапты адам» деген берік жүйе орнығуы тиіс.
Жолдау біздің алдағы кезеңге арналған еліміздің дамуына бағытталған міндеттерімізді айқындайтын тағы бір мақсатымыз болды.
Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс істейміз.
Актив қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуді, сондай-ақ, оны орындау бойынша шаралар қабылдауды тапсырдым, — деп жазды Архимед Мұхамбетов.

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *