Биыл көктемгі тасқын кезінде Қостанай облысының оңтүстігіндегі 37 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлады Zakon.kz. Төтенше жағдайлар қызметі осындай болжам жасап отыр. Бұған қар мол түсіп, жердің тоңы қалың қатуы себеп. Бұл ауылдарда барлығы 800 үй, 3 мыңнан аса тұрғын бар, деп жазады qazaqstan.tv. Оқи отырыңыз: Биыл Қостанай облысында су тасқыны бола ма? – «Қазгидромет» болжамы Қостанай облысында сағат белдеуі ...
Толығырақ »06.02.2023
Қостанай облысында сағат белдеуі қашан ауысады?
Бұл сұраққа СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жауап берді, деп хабарлады Elorda.info. Техникалық реттеу және метрология комитетіне қоғам қайраткерлері, ғалымдардан бірқатар облыста сағат белдеуін өзгерту мүмкіндігін қарастыру туралы өтініштер бірнеше мәрте келіп түсті. Соның ішінде Қостанай облысы да бар. Осы мәселені қарастыру бойынша бірқатар тапсырма болды. Сондықтан ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысы жанданады. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдардың ...
Толығырақ »«Техникалық ақаулар»: Қазақстан қашан цифрлы елге айналады?
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы халықты жарылқап бітті ме?.. Фото: скриншот Біздің елде әлеуметке арналған өтінім беретін сайттар «техникалық ақауларға» байланысты жиі істен шығады. Мәселен, бүгін автонесиеге арналған платформа бір минутқа жетпей, тоқтап қалды. Оны мамандар сайтқа адамның көп кіруімен байланыстырып отыр. Әдеттегідей. Ал мұны әлеуметтік желі қолданушылары сын садағына алды, деп жазады Elorda.info. 761 қазақстандық өз өтінімдерін платформа жұмысын бастаған алғашқы ...
Толығырақ »Рудныйда төтенше жағдай жарияланды
Рудный қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Оған желілердегі апаттар мен іркілістің жиі болуы себеп болып отыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жағдай тұрақты. Алайда жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып ...
Толығырақ »«504,6 млрд теңге»: Үкімет Торғай өңірін дамыту жоспарын әзірледі
Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен ...
Толығырақ »Биыл Қостанай облысында су тасқыны бола ма? – «Қазгидромет» болжамы
«Қазгидромет» РМК су тасқыны бойынша алдын ала болжам жасады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ақпан айында температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суының ауқымды тасқыны болуы мүмкін, – делінген синоптиктер ұсынған болжамда. Алайда қыс әлі бітпегендіктен, қардың жинақталу кезеңі де жалғасады,көпжылдық бақылауларға сәйкес, көктемалды кезеңде тәулік ішінде бір айлық мөлшердегі ...
Толығырақ »Рудный қаласының әкімі қызметінен кетті
Қуандық Испергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный қаласының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Рудный әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Виктор Ионенкоға қала әкімінің міндеттерін уақытша атқару жүктеліп, қызметке тағайындалды. Оның инженерден бастап облыс әкімінің орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ Виктор Ионенко Денисов, Меңдіғара, Қарасу аудандарының әкімі болған.
Толығырақ »