Қазақстанда 45 градусқа дейін аяз болады — синоптиктер

Синоптиктер 22-26 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40 градус, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45 градус, күндіз -27-32 градус, кей жерлерде -35 градус аяз болады.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38 градус, күндіз -20-25 градус күтіледі. Астанада 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40 градус, күндіз -27-32 градус аяз болуы мүмкін.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *