Қостанай облысының аудандарында ІТ-мектептер ашылатын болады

Қостанай облысының аудандарында IT-мектептер ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында мәлім етілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қостанай қаласында IT-мектеп 1 қыркүйектен бастап пайдалануға берілетіні белгілі. Ол «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында құрылады.

«2018 жылы білім саласына баса назар аударамыз. Бірнеше әлеуметтік нысан жөнделеді. Өздеріңізге белгілі, елімізде цифрландыруға байланысты ірі жобалар қолға алынады. Мәселен, біз биыл облыс орталығынан IT-мектеп ашамыз. Сол себепті, барлық аудандарда да осындай мектеп ашылуы керек. Мұны қала, аудан әкімдеріне тапсырамын» деді жиында Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімінің айтуынша, IT-мектепті ашу кезінде робототехника пәніне баса мән берілуі тиіс. Жалпы, биыл облыстың IT технология саласын дамытуға 500 млн теңге бөлінбек.

«Бірінші тоқсан аяғына дейін барлық қала, аудан әкімдері бұл жобалардың іске асуын қамтамасыз етіп, қаржы бөлсін. Жеке инвестицияларды көптеп тартыңыздар» деп тапсырды А.Мұхамбетов.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

«Әділдік және өркендеу» қоры жұмысы қарқынды

«Әділдік және өркендеу» қоғамдың қорының Қостанай облысындағы өкілдігі жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр. «Әділдік және өркендеу» ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *