Лисаковскіде кен қызметкерлері жаппай уланып қалды

Лисаковск қаласында «Қазақстан Алюминиі» компаниясына қарасты Краснооктябрьск боксит кен басқармасының Красногорск боксит кенішінің қызметкерлері жаппай уланып қалды. Бұл туралы ERG компаниясының Facebook әлеуметтік парақшасында жазылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.
Лисаковск ауруханасына 25 қызметкер астан уланды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Кенішке қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары аттанып, тиісті сынама үлгілерін алды.

«Барлық кен басқармасының асханасының ас мәзірінен ет, тауық жұмыртқасы алынып тасталды. Қайнамаған суды қолдануға тыйым салынды. Кен басқармасының барлық қызметкері толықтай бөтелкеленген және қайнаған сумен қамтамасыз етілді», — делінген хабарламада.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Ақсақалов доғарысқа кет

Қостанай облысының әкімі Арқалық қаласына, Жанкелдин және Амангелді аудандарына барған кездесулерін қарадым. Арқалықта айтатыны: «қала ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *