40 мың теңге: Қостанайда екі полицей пара алды деген күдікпен ұсталды

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған тәртіп сақшыларын тергеуге алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай облысы жол-патрульдік полиция қызметкері мен Қостанай қаласы Полиция басқармасының «Оңтүстік» бөлімінің жедел кезекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар жол-көлік оқиғасы қатысушысынан 40 мың теңге алып, жазаға тартпауға уәде еткен» деді ведомстводағылар.

Қазір тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *