Бразилия коронавирустың жаңа ошағы болуы мүмкін — ғалымдар

Сан-Паулу ғалымдары Бразилияның коронавирустың жаңа ошағы болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News.ru басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдардың мұндай шешімге келуіне президент Жаир Болсонарудың коронавирусқа қатысты мәлімдемесі себеп болған.

«Бізде пандемияның жаппай таралуы үшін барлық жағдай жасалған» дейді Сан-Паулу университетінің вирусологы Пауло Брандао.

Хопкинс университетінің мәліметінше, Бразилияда COVID-19 жұқтырғандардың саны 67 446-ға жеткен. Ал қайтыс болғандардың саны — 4 603.

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...