Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысынан кетті

Оның осы лауазымдағы соңғы үндеуін Өңірлік коммуникациялар қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. 

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі бүгін Вячеслав Юрьевич жетекші ретіндегі соңғы жұмыс күнін өткізді деп хабарлады. Ол өз еркімен орнын босатуға шешім қабылдаған.

Вячеслав Дудник дәрігерлермен онлайн конференция өткізіп, үндеу жасады.

«Мен өз еркіммен кетемін, өз шешіміммен, өйткені Денсаулық сақтау басқармасы басшысының осы лауазымындағы миссиям толық көлемде орындалды деп есептеймін. Бірлескен жұмыс үшін рахмет. Біз шынымен де көп нәрсе жасадық, маңызды жұмыс  атқардық. Сіздер керемет командасыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін», — деді шенеунік.

Вячеслав Дудник 2018 жылдан ведомствоны басқарды.

 

фото: ашық дереккөз 

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *