Жангелдин ауданы Әйелдер күштері альянсы биылғы алғашқы отырысын өткізді

Торғайда Жангелдин ауданы Әйелдер күштері альянсы 2026 жылдың алғашқы отырысын өткізді. Көшбасшы әйелдер бас қосқан бұл жиын – жаңа жылдың жұмыс бағытын айқындаған маңызды кездесу болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Жиында клубтың жаңартылған құрамы бекітіліп, жылдық жұмыс жоспары кеңінен талқыланды. Алдағы іс-шаралардың бағыт-бағдары нақтыланып, жауапты тұлғалар белгіленді және өткізу мерзімдері бекітілді. Жоспарға сәйкес, клуб мүшелерінің отырысы тоқсанына бір рет тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.

Отырыста әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру, ауыл-аймақтағы әлеуметтік бастамаларды қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту және кәсіпкерлікке ынталандыру мәселелері де сөз болды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық қоғамды дамыту, әйелдердің шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін күшейту жөніндегі саясатына үндес келеді.

Торғай төрінде өткен басқосу – бірлік пен жауапкершіліктің көрінісі. Көшбасшы әйелдердің жүйелі жұмысы өңірдің әлеуметтік дамуына нақты үлес қосары анық, — дейді Жангелдин ауданы Әйелдер күштері альянсының мүшесі Гүлім Ысмағұл.

Фото: Жангелдин ауданы Әйелдер күштері альянсы

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...