Tag Archives: Абылай Мауданов

«ӘУЛИЕ» ІЗДЕП ӘУРЕ ДЕСЕДІ…

Сыбайластықты сылып тастау департаменті Ұсақ жемқорларды іріктеу басқармасының Қолма-қол ақшамен пара берушілерден түсінік алу бөлімінің Ұлттық валютамен тұтылғандарды жауапқа тартумен айналысатын сала бас маманының орынбасары Адал Жүрекұлы Байғұсов бір-ақ күнде елді алатайдай бүлдіріп, әбігерге салып қойды. Әп-әдемі абыройы бар басшыларды әуреге салған “әдірем қалмағыр” идея Адал Жүрекұлының қауға басына қаңғалақтап аяқ астынан орала кеткен еді. Департаменттің акт залындағы кезекті жиналыстың ...

Толығырақ »

«Кnockout… No comment…»

Апақ Сапақов бүгін айрықша толқулы. Қолайнаға құмар бола бастаған бойжеткендей, «айфонын» алақанына алып, айнала әуреге түсіп жүр. Толқитындай реті де бар, өйткені, ең қымбатты адамының туған күні! Жүрегінен жарып шыққан ізгі тілегін әлеуметтік желі арқылы жеткізбек. Алайда, көкейін кернеген керемет сезімі, телефон пернетақтасына тере бергенде, жез шылапшыннан желге қарата төккен судай шашырап, Апакеңнің әбден берекесі қашты. Ал «ұққанға арзан, мәкпасқа ...

Толығырақ »

ПОЭЗИЯ «ПЫРАҚТАРЫ»

Әлем-жәлем киінген жас ақын әлдеқандай болып, редакцияның әдебиет бөліміне келіп түскен хаттарға шұқшиып отырған-тын. Кенеттен шаян шаққандай орнынан атып тұрып, қарындашының басын қарш еткізіп тістеп алды да, «тфу» деп қабырғаға қарап түкіріп жіберді. — Қарағым-ау, қара басты ма? Қараптан қарап жараған бурадай жыныңды шашқаның не? – Үндемей газет оқып отырған сақа тілші көзілдірігін шекесіне көтеріп, үрейлі көзбен көршісіне үңілді. — ...

Толығырақ »

Парламент… Папуас… Тегін пәтер…

Түс әлетінде әдеттегіше қалалық телеарнаның эфирінен екі байға тиіп, төрт бала тапқан танымал тележұлдыздың қыз кезіндегі концертін көрші-көлем түгел жиналып көріп отырған-тын. Жылан жорғалағандай жыбыр-жыбыр өтіп жатқан жүгіртпе жолдағы «кескін-келбеті қазаққа ұқсамайтын, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген жандарды болашағы жарқын жұмысқа шақырамыз» деген жып-жылы жарнама Ақыштың көзіне оттай басылды. «Мына құрғырлар көріп қойған жоқ па екен» деген күдікпен көзінің астымен көршілерін ...

Толығырақ »