Арқалық әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмек көрсетуден бас тартқан

Арқалық қалалық соты Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы Д. есімді азаматтың әкімшілік талап арызын қарап, тиісті үкім шығарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Alau.kz-ке сілтеме жасап.

 2024 жылғы 28 наурызда қала аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған және су тасқыны салдарынан зардап шеккен, әлеуметтік көмекке жүгінген адамдардың жылжымайтын мүлкіне тексеру жүргізу бойынша мобильді топ құрылған.

Азамат Д. Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен жүгінген. Бірақ өтінішті қанағаттандырудан оны тағайындауға өтініш беру мерзімін өткізіп алуына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған. Сот әлеуметтік көмектен бас тарту туралы уәкілетті мемлекеттік орган қабылдаған шешімнің заңнама талаптарына сәйкес еместігін анықтады.

Уәкілетті мемлекеттік органның өтініш берушіге әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуын негізсіз деп санағаннан кейін сот мұндай бас тартудың заңсыздығы және оны заңсыз деп тану туралы қорытындыға келді.

Сот шешімімен әкімшілік талап қанағаттандырылды, мемлекеттік мекеменің бас тарту әрекеті заңсыз деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанайдағы KIA зауыты жылына 70 мыңға жуық автокөлік шығара алады

Президент KIA автомобиль зауытының құрылысымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы ...