Tag Archives: Тұрғын үй

«Нұрлы жер» бағдарламасы: Қостанай облысы республикада алдыңғы үштіктің қатарында

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қостанай қаласының «Аэропорт» шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа үйге қоныстанған 108 тұрғынға пәтер кілттерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды. Бұл шағын аудандағы зәулім үйлердің барлығы да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Облыс әкімі тұрғындарды ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтап, өңірде жүзеге асырылып жатқан тұрғын ...

Толығырақ »

Тобылдық отбасыға тұрғын үй берілді

Таран ауданының Тобыл елді мекенінде көпбалалы отбасына тұрғын үй кілті тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр Отан» партиясы Елбасының тапсырмасы бойынша көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасын бастағаны белгілі. Жоба аясында Тобыл елді мекенінде тұратын Смирновтар отбасына тұрғын үй берілді. Отағасы Андрей Смирновтың айтуынша, бұл күтпеген сыйлық болды. «Біз 5 бала тәрбиелеп отырмыз. Расында да, үйіміздің ...

Толығырақ »

Қостанайдағы жеке тұрғын үйде өрт болды

Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрт 1941 жылы туған әйелдің өмірін жалмады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға Қостанай қаласындағы М.Хакімжанова көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. «30 шаршы метрлік ауқымда үйдің едені, қабырғасы, төбесі отқа оранған. Өртті сөндіру 19.50-де басталып, 22.04-те ауыздықталды. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің мүрдесі табылды», — делінген хабарламада. Өрттің нақты себептері ...

Толығырақ »

Пәтерге қалай ақша жинауға болады?

Жалақымыз өмір сүруге әрең жетіп, онымен қоса, әлі күнге дейін баспанамыз болмаса не істеу керек? Жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе ипотека бойынша баспана алу үшін алғашқы жарнаны жинау мүмкін бе? Қиындықтармен бетпе-бет келіп, қалай берілмеу керек? Осы ретте «Крыша» порталы қаржы жоспарын құрып, бюджетті қалай ұтымды жұмсау керектігі жайлы кеңестер ұсынады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірінші кезекте үйді сатып алу ...

Толығырақ »

«Нұрлы жер» бағдарламасы үйі бар адамдарға арналған

Қазақстанда баспана — басты мәселенің бірі болғандықтан, үй жайын талқыламайтындар сирек. Бұл мәселеге қатысты ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ой-пайымымен бөлісті. — Талғат Файзоллаұлы, Қазақстанның құрылыс нарығындағы қазіргі жағдайға қандай баға берер едіңіз? — Адамдарда қаржы болмағандықтан Қазақстанның құрылыс нарығында сатып алу мүмкіндігі төмендегені байқалады. Соңғы 6-8 айда жағдай осындай. Ақшалары бар адамдар баяғыда-ақ үйлерді сатып ...

Толығырақ »

Затобол кентінде тұрғын үй өртеніп кетті

Бүгін Қостанай ауданының Затобол селосында көпқабатты үйден өрт шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиға Попович көшесінде болған. «Өрт 6 пәтерлі тұрғын үйлердің бірінен шықты. Қазіргі мәлімет бойынша №3 пәтер жанып кетті. Оқиға орнына жеке құрамның 19 өрт сөндірушісі мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 08:24-те толықтай сөндірілді» деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне. Ведомствода мәлім ...

Толығырақ »