Tag Archives: Өзбекәлі Жәнібеков

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

Өзбекәлі Жәнібеков – қазақтың қоғамдық-әлеуметтік өмірінде, мәдениет майданында ешкім алмастыра алмайтын орыны бар, тірісінде өз ұлтын сүйіп өткен, өмірден өткен соң ұлты да оны ардақтап айтатын нағыз қайраткер азамат еді. Бір ұлттың тағдырына мейлі қысқа болсын, мейлі ұзақ уақыт болсын белгілі тұлғалардың ғажайып ықпал жасайтыны болады. Өткен ғасырдың екінші жартысында Өзбекәлінің қазақтың рухани өміріне жасаған ықпал, әсерін міне осылай суреттеуге ...

Толығырақ »

Өзағаңның өнегесі

Егер тірі болса еліне еңбегі сіңген елеулі тұлға Өзбекәлі Жәнібеков бұл күндері 85 жасқа толар еді. Үкімет үкілеп атап өтерліктей дөң­ге­лек дата емес екенін білеміз. Әйтсе де асы­лын ардақтай білер әлеумет әулие­дей әспеттеген аяулы ағамыздың көзі тірісіндегі көшелі істерін жадымызда қайта бір жаңғыртуды жөн көрген жайымыз бар. Өресі биік Өзағаң кешегі қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде ұлтқа қызмет етудің ...

Толығырақ »

Қостанайда қазақ өнері қансырап тұр!

Тақырыпты бұлайша төтеннен қойсақ, ол бәле іздегендіктен емес. «Ауруын жасырған өледі» деген ғой, айтпасқа амал жоқ. Қостанай облысында соңғы жылдары қазақтың ұлттық өнері, мәдениеті  үнемі шетқақпай көріп келеді.  Сөзіміз дәйексіз болмас үшін неліктен бұлай дегенімізді тарқатып көрейік. Теріскей шекараға таяу, халқының дені өзге тілде сөйлейтін, көп ұлысты облыста соңғы он жылдан бері ұлттық өнерді дәріптейтін республикалық, халықаралық деңгейдегі бірде бір ...

Толығырақ »