Tag Archives: Ауа райы

11 шілдеде Қостанайда ең ыстық күн болған

Қостанайда 11 шілдеде елу жылдағы ең ыстық күн болған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz “Наш Костанай” сайтына сілтеме жасап. 1974 жылы сынап бағанасы 40 градус ыстықты көрсеткен. Бұл осы уақытқа дейін қаладағы ең ыстық температура болды. Ал биыл 11 шілдеде ауа райы 41 градус ыстыққа дейін көтерілді. 13 шілдеде синоптиктер қалада бұлтты ауа райы, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады деп болжады. Фото: ulysmedia.kz

Толығырақ »

Торғай өңірінде құрғақшылық болады

«Казгидромет» маусымда еліміздің бірқатар аймақтарында құрғақшылық болатынын хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Казгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты болмақ. Сонымен қатар еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік және орталығында құрғақшылық күтіледі. Болжам бойынша, құрғақшылық Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, сонымен қатар, Қарағанды облысының Шет ауданында болмақ. Фото: pixabay.com

Толығырақ »

Қостанайда жаңадан салынған аялдамалар құлап жатыр

Қостанай қаласында жуырда ғана салынған жаңа аялдамалардың бірі ауа райына төтеп бере алмай құлап қалған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наш Костанай» сайтына сілтеме жасап.  Сайттың жазуынша, Қостанайдағы Станционный көшесінде отыз жыл бойы тұрған аялдамалар жақында жаңартылып, қар мен жаңбыр астында автобус күтетін жолаушылар қатты қуанған болатын. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмаған. Аялдама салынған кезде қуанышымызда шек болмады. Өкінішке қарай, келесі күні жаңадан ...

Толығырақ »

«36 градус ыстық»: Торғай даласын тағы да өрт шарпуы мүмкін

21 шілдеде Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысында оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. 21 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Күндіз 21-23 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, ...

Толығырақ »

«Қазгидромет» ескертеді: Қостанай облысында дауыл соғуы мүмкін

Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 3 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. «Ал 3 қазан күні күндіз Қостанайда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метр жылдамдыққа жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%» дейді синоптиктер.  

Толығырақ »

Қостанай облысында түнде тұман түседі

Қазақстанның басым бөлігінде 14 қыркүйекте күн ашық болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ кейбір облыстарда тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы секундына ...

Толығырақ »

2019 жылы адамзатты не күтіп тұр?

Ғалымдар 2019 жылы адамзат тарихындағы ең аптап ыстық болады деп болжап отыр. Бұл туралы Калифорния университетінің мамандары мәлімдеді деп жазды National Geographic.  Жер бетіндегі температураның күрт өзгеруіне Тынық мұхитының шығысында судың беткі қабатындағы температураның көтерілуі әсер етеді. Ғалымдардың айтуынша, соңғы төрт жылда – 2015 жылдан 2018 жылға дейін көмірқышқыл газы шығарындыларының артуына байланысты тарихтағы ең ыстық кезең болды, бұл аралықта ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жолдар жабылды

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазавтожол» ЖШС-ға сілтеме жасап. Қостанайда облыстық және аудандық маңызы бар Мамлютка — Қостанай, Ұзынкөл — Сарыкөл, Сарыкөл — Үлкен Дубрава , Қойбағар — Қарасу — Севастополь, Қостанай — Введенка авто жолдарында дизель жанармайымен жүретін және жолаушылар көліктері үшін шектеу қойылды. Еске салсақ, бүгін еліміздің 5 облысында ...

Толығырақ »