Қостанай облысында түнде тұман түседі

Қазақстанның басым бөлігінде 14 қыркүйекте күн ашық болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ кейбір облыстарда тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.  Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 метр секундына жел соғады.

Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау және Алматы облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...