Tag Archives: аудан

Қостанай облысында екі ауданның әкімдері қызметтерінен кетті

Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың 19 ақпандағы өкімімен берілген өтініштеріне байланысты Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов Жітіқара ауданының әкімі (2021 жылғы мамырдан бастап қызмет атқарды), Азамат Қанатұлы Аужанов Ұзынкөл ауданының әкімі (2022 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарды) қызметтерінен босатылды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов. ...

Толығырақ »

Қостанай облысының бірқатар ауданында жем-шөп қурап кеткен

Биылғы құрғақшылық шаруа баққан ағайынға қиын соғып тұр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Алдағы қысты болжау қиын. Өйткені шөп жоқ. Қостанай облысының Жітіқара, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында аптап ыстық пен қуаңшылықтың салдарынан көк қурап кеткен. Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл аудандарда қажетті мал азығының тек жартысы жиналған. Ал облыстың өзге аудандарында жағдай біршама тәуір. Мысалы, ...

Толығырақ »

Мұхамбетов: әкім мен орынбасарлар халықтың вакцина салдырмағаны үшін жазаланады (ВИДЕО)

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жедел штаб отырысында қала және аудан басшыларын коронавирусқа қарсы вакцинацияның төмен қарқыны үшін сынға алды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Алау» басылымына сілтеме жасап. Мұхамбетовтың айтуынша, халықты вакцинациялау бойынша ең төмен көрсеткіш Қостанай, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалаларында анықталған. «Рудный, Лисаков және Жітіқара ауданының әкімдері осы мәселе бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылуына байланысты, бүгін  шешім қабылдаймыз және Қостанай қаласы әкімінің вакцинация ...

Толығырақ »

Айнара Жүгінісова: Әкем өліміне кінәлі екі адамның атын жазып кетіпті…

Өткен аптада ақпарат құралдары Қостанай облысы Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісовтің өзіне қол салғаны туралы жазды. Nege.kz тілшісі Қ.Жүгінісовтің қызымен сөйлесті.  Ақпаратта: «Қ.Жүгінісов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілініп, екі апта үй қамақта жатқан. Әйелі Қостанайға кеткен күні ол өз-өзіне қол жұмсаған», – делінген болатын. Кеше Фейсбук желісінде марқұмның қызы Айнара Жүгінісова әкесінің қазасына байланысты жазба қалдырды. Ол: «Папамды осы күйге жеткізген, қазасына себеп болған жағдайлар мен адамдар ...

Толығырақ »