Қостанай облысының бірқатар ауданында жем-шөп қурап кеткен

Биылғы құрғақшылық шаруа баққан ағайынға қиын соғып тұр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Алдағы қысты болжау қиын. Өйткені шөп жоқ.

Қостанай облысының Жітіқара, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында аптап ыстық пен қуаңшылықтың салдарынан көк қурап кеткен.

Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл аудандарда қажетті мал азығының тек жартысы жиналған. Ал облыстың өзге аудандарында жағдай біршама тәуір. Мысалы, Ұзынкөл ауданы мал азығы қорының 80 пайызын дайындапты.

Десек те мұндағы шаруалардың өзі қыс қалай болар екен деп алаңдаулы.

Біз өзімізге 1500 тонна шөп дайындадық. Оның өзі аздық етіп отыр. Сондықтан мал басын қысқартуға мәжбүр болдық. Шамамен 100 бас ірі қараны сойысқа жібердік. Биылғы жасыл орақ науқаны өте қиынға соқты. 25-30 шақырым қашықтан шөп тасуға тура келді. Шығын шаш-етектен, — дейді шаруа қожалығы директорының орынбасары Василий Клименко.

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *