Tag Archives: Видео

Арқалықтағы ауруханада болған төбелестің видеосы тарап жатыр

Әлеуметтік желіде Арқалықтағы ауруханалардың бірінде келуші мен дәрігердің төбелескені түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Видеоны Telegram-дағы Egov.press арнасы жариялады. Бейнежазбадан жанжалдан кейін медициналық мекемеге келген адам дәрігерге жұдырық ала жүгіргенін көруге болады. Дәрігер де төбелесе жөнелген. Оларды кабинеттегі адамдар ажыратқан. Жазбада видеода түсірілген жағдай Арқалық ауруханасында болғаны айтылған. Бұл жағдайға Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді. Полицейлердің ...

Толығырақ »

Қостанайда алаяқтар зейнеткерлерді 20 миллионға қалай алдағаны анықталды (ВИДЕО)

Қостанайда CyberPol қызметкерлері тұрғындарды 20 миллион теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Қостанай облысының полициясына Қостанай қаласының 6 тұрғынынан «Сіздің қызыңыз жол көлік оқиғасына түсті» деген бұрынғы схеманы пайдалана отырып, оларды алаяқтар алдағаны туралы арыз келіп түсті. Залал сомасы 20 миллион теңгеден асады. Барлық өтініштер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша соталды тергеу басталған. Тергеуге ...

Толығырақ »

Қостанай облысында гуманитарлық көмекті тарату кезінде тұрғындар таласып қалды (ВИДЕО)

Орман өртінен зардап шеккен Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылы тұрғындарына гуманитарлық көмек таратылып жатқан сәттің видеосы жарияланды. Куәгер түсірген кадрларда көмек ешбір тізімсіз жүк көлігінен таратылып жатқаны көрінеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Видеода бір-бірін итеріп, жүк көлігінен азық-түлік алып жатқан адамдар тобы көрінеді. Адамдар айғайлап, құлап жатыр. Бір сәтте жүк көлігінде тұрғандар гуманитарлық көмекті көпшілікке лақтыра бастайды. Аманқарағай әкімі Байтемір ...

Толығырақ »

Димаштың әнін скрипкада тамылжыта орындаған қостанайлық ару желіде жұлдыз болды (ВИДЕО)

Елордалық Әсел Мекебаева Қостанайда туып-өсіп, 6 жасынан бастап қаладағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектепте оқыған. Егіз бауырымен бірге өнер жолын қаршадайынан бастаған талантты ару жақында Димаш Құдайбергеннің «Аққулар махаббаты» әнін скрипкада тамылжыта орындап, көптің ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап. Осы орайда портал тілшісі дарынды қыздан сұхбат алып, оның өнерге қалай келгенін біліпті. Әсел Мекебаева төрт жасында теледидардан ...

Толығырақ »

Қостанайда автобус жүргізушілері ереуілге шықты (ВИДЕО)

Қостанай тұрғындары WhatsApp-та белсенді түрде бір топ жергілікті қоғамдық көлік жүргізушісі бірқатар шағымға байланысты 8 ақпанда жұмысқа шықпауға уәде бергені түсірілген видеоны таратып жатыр, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.  Жүргізушілер видеоны қостанайлықтардан кешірім сұрап бастады, содан кейін талаптарын — өздеріне лайықты жалақы белгілеуді, жұмыс істемейтін валидатор мен кондуктордың функцияларына жауапкершілікті алып тастауды айтты. Қолма-қол ақшамен жүру бағасының өсуі де жүргізушілерге әсер ...

Толығырақ »