Қостанайда алаяқтар зейнеткерлерді 20 миллионға қалай алдағаны анықталды (ВИДЕО)

Қостанайда CyberPol қызметкерлері тұрғындарды 20 миллион теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының полициясына Қостанай қаласының 6 тұрғынынан «Сіздің қызыңыз жол көлік оқиғасына түсті» деген бұрынғы схеманы пайдалана отырып, оларды алаяқтар алдағаны туралы арыз келіп түсті. Залал сомасы 20 миллион теңгеден асады.

Барлық өтініштер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша соталды тергеу басталған. Тергеуге Cyberpol бөлімшесі мен Қостанай қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.

Жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде облыс орталының 6 тұрғыны зардап шеккені анықталды. Олардың барлығы зейнеткерлік және зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар. Оларға үй телефонына қоңыраулар келіп, белгісіз адамдар туыстарының апатқа ұшырағанын хабарлаған. Алаяқтар қолда бар ақшаны беруді сұраған, – деді CyberPol бөлімшесінің қызметкері Олжас Магыпаров.

Сонымен қатар жәбірленушілер үйіне келіп отырған қызға ақша берген. Оның сыртқы келбеті туралы сипаттамалар әртүрлі болған. Ол жасанды шаш ауыстырып отырған. Оның үстіне қара көзілдірікті және әр түрлі бас киімдерді қолданған.

Алаяқ Қостанай қаласындағы қонақ үйлердің бірінде люкс нөмірде ұсталды. Одан 800 мың теңге сомасында ақша алынды. Ол қалған қаражатты қымбат телефон, заттар мен ойын-сауық құралдарын сатып алуға жұмсаған, – деп жалғастырады Олжас Магыпаров.

Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібімен УҰИ-ға қамалған.

Фото: Polisia.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...