Tag Archives: Сапар

Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандарын дамытуға көп көңіл бөліп отырмыз — Құмар Ақсақалов

«Арқалықта самолет ұшады», «Торғайға газ келеді». «Арқалық институты университетке айналады». Бұл жағымды жаңалықтарды арқалықтықтар қалаға арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өз аузынан естіді. Сапар барысында облыс басшысы қаланың бірқатар өмірлік маңызы бар нысандарын аралап, қала активімен кездесу өткізді. Атап айтқанда облыс басшысы Арқалықта жаңадан іске қосылған жел электр станциясы, қала орталығынан Арқалық педагогикалық институтына арналып құрылысы жобаланып ...

Толығырақ »

Құмар Ақсақалов: Үкімет тарапынан Торғай өңіріне бюджет өсімі күрт жоғарылады

Таяуда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Торғай аймағына арнайы жұмыс сапарымен барды. Онда аймақ басшысы Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарын аралап, елдің тұрмыс жағдайымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында облыс әкімі Арқалықтағы ұлттық жоба бойынша салынғалы жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. 300 орынға шақталған білім ордасының мердігері — «Алюминқұрылыс» ЖШС. Серіктестік директоры Абай Мұқановтың айтуынша, бүгінде бой көтеретін ...

Толығырақ »

Тоқаев Қостанайда Kia автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін (CKD) іске қосты (ФОТО)

Президент Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Allur автомобиль зауытына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын жұмысы таныстырылып, алдағы жоспары баяндалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Зауыт басшылығының айтуынша, былтыр 614,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылы зауыт құны 21,5 миллиард теңге болатын өнім экспорттады. Кәсіпорында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді.Allur автомобиль зауытының жаңадан іске қосылған желісі Kia Sportage ...

Толығырақ »

«Тапсырмаға аса жауапкершілікпен қарау керек»: Премьер-министр Қостанай облысына келді

Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Әлихан Смайылов бірінші кезекте Әулиекөл ауылына барып, алапат орман өрті салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 га аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсысының ауданы — 100 шаршы метр. Сондай-ақ үйлердің маңайындағы жер учаскелеріне (10 сотықтан) барлық қажетті ...

Толығырақ »

Тоқаев Торғайға баратын болды

Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  «Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында.

Толығырақ »

Мәжіліс депутаттары Қостанай өңірін аралап жүр

Тобыл өңіріне ат басын тіреген мәжілісмендер Лисаков қаласында болып, әлеуметтік нысандарға барды деп хабарлады tobyl-torgai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Заманауи  жабдықталған  қалалық аурухананың ахуалымен танысып, дәрігерлердің хал-жағдайын сұрады. Толғандырған түйткілдерін тыңдады. Қаладағы теннис орталығы да теңдесі жоқ кешен. Жаңа нысан спортпен шұғылданатын жастарға жол ашып отыр. Жұмыс сапары барысында Мәжіліс өкілдері кеншілермен де кездесті. Партияның міндет-мақсаты, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық жөнінде сөз қозғады. ...

Толығырақ »

Мамин Қостанайда жаңа өндірісті іске қосты

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып, онда жаңа өндірісті іске қосты. Сондай-ақ өңір тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыстады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде А. Мамин Қостанай облысы жоғары аграрлық және өнеркәсіптік әлеуетке ие бола отырып, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті. 1991 ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданында Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (ФОТО)

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Жангелдин ауданында болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бірінші кезекте Торғай ауылында Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Құрылыс құны 541 млн теңгені құрайды. ДСК-нің жалпы ауданы 1601,4 м2.  Өткізу қабілеті 30 адам/ауысымда, 100 көрермен орнына арналған трибуна. ДСК-де жаттығу залы, күрес түрімен айналысуға арналған зал, сондай-ақ ойындар өткізуге арналған зал: волейбол, бадминтон, үстел теннисі ...

Толығырақ »

Президент Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы бүгін өзінің facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, диқандармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі» деп жазды ол.  

Толығырақ »