Жангелдин ауданында Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (ФОТО)

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Жангелдин ауданында болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Бірінші кезекте Торғай ауылында Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Құрылыс құны 541 млн теңгені құрайды. ДСК-нің жалпы ауданы 1601,4 м2.  Өткізу қабілеті 30 адам/ауысымда, 100 көрермен орнына арналған трибуна.

ДСК-де жаттығу залы, күрес түрімен айналысуға арналған зал, сондай-ақ ойындар өткізуге арналған зал: волейбол, бадминтон, үстел теннисі орналасқан.

Сондай-ақ аймақ басшысы Жангелдин аудандық ауруханасына барды. Мұнда 440,2 млн теңге сомасына модульдік қазандық құрылғысы бар хирургиялық корпусқа күрделі жөндеу жүргізілді.

Облыс әкімі сондай-ақ ауданның басқа да бірқатар нысанын аралады.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *