Tag Archives: халық

Қостанай облысында халық саны 8,3%-ға азайған

Соңғы жылдары Қостанай облысында халық саны азайып кеткен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, соңғы жылдардың ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43%), Павлодар (-5,76%) және Қостанай (-8,3%) облыстарында халық саны кеміген. Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал, солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалады. Соңғы жылдардың ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43%), Павлодар (-5,76%) және Қостанай ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендетуді тапсырды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізіп, халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының ауыл халқына мал жаю үшін жайылымдық алқаптардың қолжетімділігі мәселелеріне қатысты тапсырмасын орындау үшін облыста бірқатар іс-шара жүргізілуде. Облыс халқының шаруашылықтарында 335,6 мың шартты мал басы бар. Оларды жаю үшін ...

Толығырақ »

Халықтың 80%-ы қазақ тілінде ақпарат алғысы келеді – министр

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында министр Аида Балаева мемлекеттік органдарды қазақ тіліндегі ақпараттарға баса мән беруге шақырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға сәйкес, барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша анықталған уәкілетті тұлғалар осы мәселелерді бақылауда ұстауы тиіс. Демек, олардың тарапынан тиісті түрде мониторинг, үйлестіру және бақылау жүзеге асырылмайды. Бүгін мемлекеттік ...

Толығырақ »

Қостанай облысы халық санағын жүргізуге қызу дайындалып жатыр

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Штаб отырысы барысында Қостанай және Рудный қалаларының әкімдері баяндама жасап, мониторингтік топтардың жұмысы қаралды деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 наурыз бен 22 мамыр аралығында 7 443 рейдтік іс-шара өткізді, онда карантиндік шараларды бұзудың 531 фактісі анықталды. ...

Толығырақ »