Архимед Мұхамбетов жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендетуді тапсырды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізіп, халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды деп хабарлады tobyl-torgai.kz.

Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының ауыл халқына мал жаю үшін жайылымдық алқаптардың қолжетімділігі мәселелеріне қатысты тапсырмасын орындау үшін облыста бірқатар іс-шара жүргізілуде.
Облыс халқының шаруашылықтарында 335,6 мың шартты мал басы бар. Оларды жаю үшін ауылдық елді мекендерде 1 млн. 294 мың га бар.
Осы іс-шаралар есебінен облыста барлығы 587 мың га алаңда жайылым тапшылығы 300 мың га дейін төмендеді.
Отырыс қорытындысы бойынша өңір әкімдеріне халықты және жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырдым, — деп жазды облыс әкімі өзінің instagram-парақшасында.

 

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *