Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2016 жылғы 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың болжамынша, Атлантикалық жылу қалыптан тыс аязды ығыстырады.

«Қазақстанның көптеген облыстарында қар жаудыртқан циклон, Алтайға қарай жылжып барады. Оның ту сыртынан, климаттық нормадан 8-15 градус төмен температурасы бар аномалды суық ауа райы байланысты болған, антициклон кеңінен орын алды. Бірақ осы жексенбіде-ақ атлантикалық ауа массасының қысымынан республиканың батыс және солтүстік облыстарындағы аяз кейін шегініп, республиканың қалған аумағында келесі аптаның басында температураның көтерілуі күтілуде», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында мамандар 2016 жылдың 22-24 желтоқсан күндері қатты аяз болатынын болжаған еді. Сонымен қатар, қатты аязға байланысты Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланған болатын. 

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *