Қостанайда жүздеген күдікті рақымшылыққа ілінеді

Қостанай облысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес, 300-ден астам күдіктінің қылмыстық тергеуін тоқтату жоспарлануда деп хабарлады ҚазАқпарат.

Олардың арасында кәмелет жасқа толмағандар, жеңіл және орташа қылмыстық әрекет бойынша күдікті болғандар бар.

«Рақымшылық негізінен әлеуметтік тұрғыда әлсіз топ азаматтарын, кәмелеттік жасқа толмағандарды, жүкті әйелдерді және кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелдерді, қарттарды, мүгедектерді және ұсақ қылмыс жасағандарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді», – деді Қостанай облысы ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Нұридин Дауылбаев.

Сонымен бірге, Дауылбаев атап өткендей, заң аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға рақымшылық жасауға тыйым салады. «Бұл криминалдық жағдайдың қиындау қаупін сейілтеді», – деп санайды Қостанай облыстық ІІД басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бес жыл бұрын, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, өңірде 908 адам рақымшылықпен босатылған еді.

www.inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *