Қостанай облысының әкімі «Триумф» жеңімпаздарын марапаттады

Биыл Қостанай облысында 24 оқушы мен жаттықтырушылар, ұстаздар “Триумф» байқауының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздарды құттықтау салтанатына өңірден 150 үздік оқушылар мен жас спортшылар шақырылды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов дарынды балалардың ел болашағы екенін айтты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

«Мемлекет басшысы мамандандырылған мектептерге көп көңіл бөледі. Қазақстанда мұндай 124 мектеп бар, ал біздің облыста дарынды балаларға аналған Ы.Алтынсаин атындағы , «Озат» мектептері мен Қазақ-түрік лицейлері білім береді. 2014 жылы Елбасының бастамасымен Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды» деді Архимед Бегежанұлы.

Өтіп бара атқан жылы қостанайлық мектеп түлектері ҰБТ бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, 9-шы орыннан 4-ші орынға көтерілді. Қостанайлық мектеп оқушыларының командасы гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиадада 2 орын алса, ғылыми жобалар бойынша 3 орынды иеленді. Мысалы, физика-математика лицейінің 10 сынып оқушысы Глеб Пестрецев – географиядан республикалық байқау жеңімпазы, өлкетану бақырыбы бойынша республикалық байқау жүлдегері. Ол үшін география ғылымы шексіз, оны тек зерттей беру керек.

Глеб болашақта картограф болып, карта жасап, жердің моделін жасауды армандайды. Тек Глеб емес, әр дарынды баланың мақсаты, жеткен жетістігі көңілдерге шам жаққандай болады.

Марапат салтанаты кезінде дарынды балаларға барынша жағдай жасау қажеттігі айтылды. «Бізде спорт залдары жетісе бермейді, сондықтан ойын спортына арналған 1000 орындық үлкен спорт зал салу жоспарлануда. Бұл қымбатқа түсетін нысанда тек спорт жарыстары ғана емес концерттер де өтетін болады, оны спорттық-мәдени нысан етеміз. Оны жыл тәулігінде салып бітіреміз» деді облыс әк імі А.Мұхамбетов.

Өңір басшысы мұнымен қатар, облыс орталығында олимпиадалық стандарттарға сай келетін ұзындығы 50 метрлік , 10 жолақтық, 500-700 көрермен сиятын бассейн салынатынын да айтты. Оның құны 2 миллиард теңгеге түспек. Сонымен қатар алдағы жылдардың жоспарында Иван Дычко атындағы бокс мектебі мен футбол академиясын құру бар.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА

egemen.kz

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *