16.02.2017

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті

Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer» байқауының 6-кезеңінің нәтижесі белгілі болды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Бұл туралы Қытайдың әлеуметтік желілері жарыса жазып жатыр. Отандасымыз бұл айналымда әлемге танымал әнші Лара Фабианның репертуарынан «Adagio» әнін орындап, бірінші орынды иеленген. «Сүйінші! Димаш тағы шулатты! Бірінші орын! Кеше «Singer» байқауының келесі айналымы өтті. Димаш пианиномен «Adagio» әнін өте жоғары деңгейде орындап, көрермендерді жылатты. Әннің ...

Толығырақ »

Алдағы төрт жылда Астанада 40 мың пәтер салынады

Бұл туралы бүгін xалық алдында есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Айта кеткім келеді, 2007 жылы тұрғын үй кезегінде 7 мың адам тұрды, қазір кезекте 44 мың адам тұр. Тек былтырдың өзінде 6 мың адам кезекке енді. Баспанамен барлығын қамту өте қиын. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет тұрғындарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған «Нұрлы ...

Толығырақ »

Биыл «Кейкі батыр» тарихи монографиясы жарық көреді

Ағымдағы жылы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс қолбасшысы Кейкі батырға арналған тарихи монография жарық көреді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті  деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет пен ұлттық тарихымыз үшін 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың қолбасшысы Кейкі батырдың бас сүйегінің тарихи отанына қайтарылуы айтулы оқиғалардың бірі болды. Ол ғасыр бойы Санкт-Петербургтегі Ресей ғылым академиясының Антрополоия және ...

Толығырақ »

Үкімет басшысы «Kazakh Invest» ҰК директорлар кеңесін басқарады

ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев инвестициялар жөніндегі «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы директорлар кеңесін басқарады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл ұлттық компанияның деңгейі жоғары болады. Инвесторлар тікелей министрлерге жолығуға мүмкіндік алады, сонымен қатар, келісімдерге қол қою бағытында Үкімет басшысына да өздерінің ұсыныстарын айта алады. Осы ...

Толығырақ »