09.02.2017

Жанкелдин ауданының әкімі қызметінен не үшін кетті?

Қостанай облысы Жанкелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин жұмыстан кетуге өтініш білдіріп, оның өтініші қанағаттандырылды. Отставкаға кетуіне оны ірі көлемде бөтен мүлікті иеленіп, оны жұмсауға қатысты айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту себеп болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады. Облыс прокуратурасы қылмыстық іс 6 ақпанда сотқа берілгенін растады. Бұдан бұрын хабарланғандай, А.Кенжеғарин зейнеткер Мұхтар Омархановтың өтініші бойынша жауапкершілікке тартылған. Ол Алтынсарин ...

Толығырақ »

2006 жылы шыққан 1000 теңгеліктер айналымнан алынып тасталады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыста болуын аяқтайтынын және төлем құралы болуын тоқтататынын еске салады деп хабарлайды Ұлттық банк. Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 ...

Толығырақ »

Қостанай облысында тұрғын үйден граната табылды

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 ақпанда Қарабалық ауданы Елшанов ауылында жарылғыш зат табылған деп хабарлайды Alau.kz. 55 жастағы үй иесі гранатаға ұқсас затты шкафынан тапқан. «Полиция қызметкерлері жүргізген арнайы шаралар барысында, күдікті заттың жаяу әскерге қарсы қорғаныс үшін қолданылатын Ф-1 гранатасы екені анықталған. Оның сырты коррозияға ұшыраған. Ф-1 гранатасын ІІД қызметкерлері қауіпсіз жерде жарып, көзін жойды» делінген  ведомство баспасөз ...

Толығырақ »

Өткен жылы Қазнетте суицид пен терроризмді насихаттайтын 110 мың материал жойылды

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев былтыр интернет-ресурс иеленушілері мен әкімшілеріне 150 мың ақпараттық материал бойынша 500 ескерту айтылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2016 жылы интернет-ресурс иеленушілері мен әкімшілеріне 150 мың ақпараттық материалға қатысты ескерту жазылған 500 хат жолданды. Осы арқылы интернет-ресурс иеленушілері терроризм мен экстремизм, зұлымдықты, суицидті насихаттайтын заңға қайшы 110 мың материалды жойды. Бұдан бөлек, 2016 жылы 31 мың материалды жою туралы ұйғарым шықты, оның ...

Толығырақ »

Димаш бұл жолы 3-орынды иеленді

    Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауының төртінші кезеңінде үшінші орын иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бірінші орынды «Сяо Цзиньтэн Шицзы» («Lion») тобы алса, екінші орынды Линь Илянь иеленді. Үздік үштікті Димаш Құдайберген түйіндеді. Төртінші – Ду Лиша, бесінші – Чжан Цзе, алтыншы – Тань Цзин (үшінші кезеңде бірінші орын алған болатын) және жетінші – Чжао ...

Толығырақ »

Елбасы Қазақстан құрамасын Универсиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтады

Мемлекет басшысы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада жоғары көрсеткішке жеткен ұлттық құрама мүшелерін құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. «Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында Қазақстанның жалпы командалық екінші орынға қол жеткізуі — елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың дамығандығының айқын көрсеткіші. Қазақстанның спорт мектебінің даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайындықтарыңызды, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. 2017 жылғы универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз ...

Толығырақ »