Сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген ер адам мектеп мұғалімі болып шықты

Қостанай облысы Амангелді аудандық сотының залында жасалған қарулы шабуылдың мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биыл 28 ақпанда сағат 10.00 шамасында сот отырысы басталғанға дейін азамат Н.Ж.Бекибаев азаматша Ж.А.Таубаевамен сөзге келіп, күтпеген жерден аяқ кимінің ішінен пышақ алып, оған бірнеше рет сұғып алған. Қақтығыс кезінде судья мен сот қызметкерлері сот залында болмаған. Азамат Н.Ж.Бекибаев өзін тоқтатпақ болған сот приставына белсенді қарсылық көрсеткен» делінген соттың хабарламасында. Осыдан кейін, соттағылардың айтуынша, оны оқиға орнына шұғыл келген сот төрағасы мен Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлері тоқтатқан. Жедел жәрдем шақырылып, жараланған әйел ауруханаға жеткізілген. Бірақ алған жарақатынан ол қаза тапқан. Сонымен қатар оқиға орнына Амангелді аудандық ІІБ шұғыл тергеу бөлімі шақырылып, ер адам соларға тапсырылған.
«Оқиға Амангелді аудандық сотының ғимаратында Ж.А.Таубаеваның Н.Ж.Бекибаевпен неке бұзу туралы шағымы бойынша сот отырысы басталғанға дейін сот залында орын алған. Іс бойынша төрағалық етуші судья — Н.Т.Малелова» делінген соттың хабарламасында.
Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша, өз әйелін пышақтаған ер адам Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады екен.

Сот ғимаратына пышақ алып өту дерегі бойынша аудандық сотта кезекшілік еткен Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл дерек Амангелді аудандық ішкі істер бөлімінде тіркелген.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Бір пікір

  1. Астана

    Есентаевка еликтеген еркек…

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *