Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді деген күдікпен аурухана қызметкері ұсталды

Қостанай облысында психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігерін өлтірді деген күдікпен бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина ұсталды. Бұл туралы өңірлік «Наша газета» басылымына сілтеме жасап tobyl-torgai.kz сайты хабарлайды.
Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, Зәуреш Изалдина 2 наурызда жұмыс орнында ұсталған. Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері бөлім меңгерушісін кісенмен алып кеткен. Басылымның мәліметінше, осыған қатысты әлі ресми мәлімет жоқ. Аурухананың қабылдау бөліміндегілер қазіргі уақытта бас дәрігер болып жұмыс істеп жүрген Бақытжан Қойшинның жұмыс орнында жоқ екенін айтты. Оны облыстық Денсаулық сақтау басқармасына шақырыпты. Сондай-ақ оның орынбасары да жұмыс орнында емес екен.
Ал аурухананың кейбір қызметкерлері полицейлердің бөлім меңгерушісін ұстайды деп тіпті ойламағандарын айтады. Зәуреш Изалдина — жоғары санаттағы психиатр-нарколог. Жасы 40-тан асқан екен. Ұлы мен мектеп жасындағы қызы бар.

Еске салайық, Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған болатын. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған еді.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *