Қостанайдағы атышулы қылмыс. Зәуреш Изалдина 2 айға қамауға алынды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанайдағы облыстық психиатриялық диспансерінің бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдинаны полицейлер жұмыс орнында тұтқындап, алып кеткен болатын. Кеше Қостанай қаласындағы №2 сотында Зәуреш Изалдинаға ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлімі, 99-бабы 28-бөлімі, 3-бабы 188-бөлімдері бойынша айыптар тағылып, тұтқындау туралы шешім шықты. Сот отырысы барасында өз әріптесін өлтірді деген күдікке ілініп отырған Зәуреш Изалдинаға ұрлық жасағаны туралы айыпта та тағылуда деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Зәуреш Изалдинаның тұтқындалуын көптеген әріптесі тосын жағдай емес екендігін айтуда. Себебі, 17 ақпан күні марқұм Рашида Сандыбаева мен қамауға алынған Зәуреш Изалдина арасында түсінбеушілік туындап, ұрсысып қалғанына әріптестерінің біразы куә болған. Бірақ жұмыс бабымен болғандықтан олар Изалдинаны осындай әрекетке барады деп мүлдем ойламаған.
«Жәбірленушінің бетінде белгісіз заттан пайда болған көк дақтар болды. Меніңше, Рашидаға олар кастетпен соққы жасаған. Ал денесінің пышақ іздерінен сау тамтығы қалмаған. Рашида Қожахметқызының қарақшылардан қашып кетуге тырысқаны көрініп тұрғандай» дейді атын атамауды өтінген марқұм болған дәрігердің жақын құрбысы.

Жантүршігерлік адам өлімі орын алғаннан кейін осы қылмысқа қатысы бар 1977 және 1991 жылдары туған екі күдікті сот шешімімен қамауға алынды.

«Адам өліміне қатысты жедел іздестіру тобы құрылып, кешенді жұмыстар жүргізілді. 1 наурыз күні осы іске қатысты тұтқындалғандар болған жағдайды толығымен айтып берді. Сонымен қатар сыбайластары туралы ақпарат беріп, қылмыс жасағандарын мойындады. Осыдан кейін облыстық психиатриялық диспансерінің бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдинаны тұтқындау туралы шешім шықты» дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің бастығы Елена Кашарина.

Сот отырысы барысында Зәуреш Изалдина өзінің кінәсіз екенін айтып бақты.

«Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын. Мен қазір күдікті болып отырсам да, Гафаровтан қорқам. 27 ақпан күні өз үйімнің ауласынан оны көргендей болдым. Мені үй қамағына алуды өтінем. Менің 11 жастағы қызым бар. Әкесі өмірден өтіп кетті. Оның менен басқа ешкімі жоқ. Мұның бәрін Гафаров мені кінәлі қылу үшін әдейі ұйымдастырды» деді Зәуреш Изалдина.

Сондай-ақ, кеше белгілі болғандай, сот Изалдинамен жақын араласқан Гафаров есімді күдіктіге Рашида Сандыбаеваның өліміне қатысы барын анықтау үшін іздеу жариялады.

Ал Зәуреш Изалдина сот шешімімен 2 айға қамауға алынды.

Мешіт ҒАЗИЗ

baq.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *