Антына адал дәрігерлер жас қызды ажалдан арашалап қалды

Қостанай облысында санитарлық авиация дәрігерлері 15 жасар қыздың өмірін құтқарып қалды деп хабарлайды alau.kz.
Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкий хабарлағандай, 3 наурыз күні Денисов ауданындағы мектеп оқушысына шұғыл ота қажет екендігі туралы дабыл келіп түскен. Облыстық балалар және ересектер ауруханасының дәрігерлері жедел түрде санавиациямен балаға жеткен. Дәрігерлер өздерімен бірге 10 литр қан алып келген. Қостанай облысында санавиация дәрігерлері жас қыздың өмірін құтқарып қалды
«Жылдам кірістік. Барлығымыз жедел жиналып, қанды алып, ұшаққа отырдық. Аталған жерге ұшып келдік, ол жерде ТЖ қызметкерлері болды. Жол полицейлері қозғалысты шектеген екен. Жергілікті дәрігерлер жұмыс жасап жатты. Тез арада іске кірісіп кеттік. Баланың ұйқы безінің ісігі жарылуы салдарынан қан кеткен. Қыз 3,5 литр қан жоғалтқан» деді Игорь Белобржицкий.

Облыс орталығының дәрігерлері отаны сәтті өткізді. Қазіргі таңда қыздың жағдайы жақсы. Ол жергілікті дәрігерлердің бақылауында ауруханада қалды. Қостанай облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері аудандық дәрігерлермен байланысып отыр.

alau.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *