Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді деген тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр

Қостанайда облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігерін өлтірді деген тағы бір күдікті пайда болды. Полиция 40 жастағы Руслан Гафаровты іздестіріп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай қаласының тумасы, 1977 жылғы Гафаров Руслан Рамильевич іздестіріліп жатыр. Белгілері: бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, мұрты немесе сақалы болуы мүмкін. Күдікті жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден Қостанай облыстық ІІД өкілдеріне хабарласуын сұраймыз: (код 8-7142) 526111, 526112 немесе «102» нөміріне» деді Қостанай облыстық ІІД өкілдері.

Осыған дейін бас дәрігерді өлтірді деген күдікпен аурухананың бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина ұсталған еді. Еске салайық, Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған болатын. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған еді.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *