11.05.2017

Жұмыссыздарға жәрмеңке жәрдемдеседі

17 мамырда елордада «Жастар» сарайында (Республика даңғ., 34) бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  Астана қ. Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, шараға 60-қа жуық жұмыс беруші қатысып, барлық салалар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынады. Атап өтерлігі, жыл басынан бері төртінші жұмыс жәрмеңкесі 10:00-де басталып, 13:00-ге дейін жалғасады.    

Толығырақ »

Биыл пітір садақа мөлшері — 300 теңге

Өскемен қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа Мәжілісінде биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.  Әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітілді. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, бидайдың құнымен де беруге болады. Егер пітір садақаны бидаймен ...

Толығырақ »

Биыл мемқызметкерлерге бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінеді

Биыл мемлекеттік қызметшілердің жалақысына бюджеттен қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді. Осылайша, мемқызметшілердің жалақысына 1,32 триллион теңге, ал олардың медициналық сақтандыруына 8,6 миллиард теңге бөлінбекші  деп хабарлайды Energyprom сарапшылары.  Бұл туралы tobyl-torgai.kz tengrinews cайтына сілтеме жасап хабарлайды.  2016 жылы мемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысына бөлінген қаражат 18 пайызға өсіп, 1,30 триллион теңге болған. Ал биыл бюджеттен 1,32 триллион теңге бөлінбекші. Оның 1,2 ...

Толығырақ »

Қазақстанның әлемдегі рейтингі қандай?

Бүкіләлемдік экономикалық форум сайтында түрлі елдердегі туризмнің бәсекеге қабілеттілігі рейтингі жарияланды. Қазақстан аталған рейтингте жоғары позициялар иеленген, деп хабарлайды Baq.kz.  Cайттың хабарлауынша, бизнес ортаның қолайлылығы жағынан Қазақстан 3-орынға жайғасты, ал қауіпсіздік бойынша 58-орында. «Гигиена және денсаулық» рейтингінде Қазақстан Германия, Литва, Австрия, Бельгия және Ресейден кейін 6-орында тұр. Бұл тізімді әзірлеу кезінде ел халқына шаққандағы дәрігерлердің саны, медициналық қызметтер, ауыз суға ...

Толығырақ »

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Мәжіліс бүгіннен бастап заң шығару қызметін үздік жазып- көрсеткендерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлердің өтінімдерін қабылдайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 2017 жылдың 14 маусымы аралығында жарық көрген материалдар қабылданады. Жеңімпаздар алты номинация бойынша Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, Ғаламтор мен радиоматериалдар, ...

Толығырақ »