Биыл пітір садақа мөлшері — 300 теңге

Өскемен қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа Мәжілісінде биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

 Әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітілді. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, бидайдың құнымен де беруге болады.

Егер пітір садақаны бидаймен беретін болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.

Еске сала кетейік, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *