Жанкелдин ауданында – жаңа әкім

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұханбетов жұмыс сапарымен Жанкелдин ауданына келді. Ең алдымен аудандық мәслихаттың депуттатарымен кездесті.
Бүгінгі күнге дейін аудан әкімінің міндетін атқарып келген Шота Оспанов Жанкелдин ауданы әкімінің кандидатурасына ұсынылды. Жергілікті халық қалаулылары бірауыздан қолдап, дауыс берді. Артынша Ғауез Торсанұлы әкімдіктің кіші мәжіліс залында жиын өткізіп, мекеме, кәсіпорын басшыларының және ауылдық округтар мен ауыл әкімдерінің алдында облыс әкімінің бұйрығымен тағайындалған Жанкелдин ауданының жаңа әкімі Шота Сәбитбекұлын таныстырды. Бірталай басшылық қызметті абыройлы атқарып, табандылықпен жұмыс істей білген еңбек жолдарына тоқталды. Сондай-ақ алдағы уақытта берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, жауапкершіліктер мен міндеттерді мінсіз орындайды деп сенім білдірді.

Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов облыс әкімінің сеніп артқан үмітін ақтап, алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына күш салып, Мемлекет басшысының сарабдал саясатын жүзеге асыруға уәде берді.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *