Таспа

Monthly Archives: тамыз 2017

Амангелді батырдың домбырасы Қостанайдың төрінде тұр

Тамыз айының алғашқы аптасында елорда төрінде Қостанай облысының мәдени күндері өткен-тін. Осы шара барысында облыстық тарихи-өлкетану музейі өзінің қорында сақтаулы тұрған құнды жәдігерлердің ішінен ерек экспонаттарды әкеліп, көрме жасады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Астана төріндегі сөреге жай­ғасқан сол жәдігерлер арасынан 1916 жылы Торғай даласында болған ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Аман­гелді Имановтың домбырасын көрдік. Домбыраның қордағы реттік нөмірі ...

Толығырақ »

ТОРҒАЙ ЕЛІНДЕГІ ТОЛҚУ немесе бұрынғы отаршы Ресейдің өкілдері Егеменді елімізде неге еркінсіп, едірейеді?!

Ұлтарақтай болса да Атамекен жер қымбат! Халық даналығы Қазақ халқы ХVІІІ ғасырда болған еліміздің тарихындағы қиын кезең (1723-1725), «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында және Кеңес Одағы кезінде кіндік кескен жерінде аз санды халыққа айналғаны тамыры терең таңбалы тарихымыздан жақсы таныс. Оған басты себеп асты-үсті түрлі байлыққа толы құнарлы жеріміздің келімсіктердің көз құртына айналуы еді. Осы баға жетпес байлығынан да, бетегесі ...

Толығырақ »

Торғайлықтарға үндеу!

Жақында елде болып қайттым. Өзі туып-өскен мекеннің бүгіні мен ертеңі кім-кімді де толғандырмай қоймаса керек-ті. Оның үстіне толғауы тоқсан Торғайдың проблемасы таусылған ба? Олардың бәрін тізбелей берсем сөз ұзап кетер, сондықтан ең негізгі мәселеге назар аударғанды жөн көрдім. Қазіргі таңда жерлестерімді алаңдатып тұрған басты жайт – «Ресейге жалға жер беріледі» деген қауесет. Естуімше, «Союз-2» зымыранының бірінші сатысының қалдықтарын тастайтын алаң ...

Толығырақ »

Кейкі батыр мавзолейінің құрылысы аяқталып қалды

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс батыры Кейкі батырдың сүйегі мавзолейде сақталады. Қостанайда оның құрылысы аяқталып қалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов хабарлады. Торғай жерінде қазір жазушы, педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мавзолейін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. «1992 жылы салынған мавзолейді күрделі жөндеуден өткізуге облыс әкімі бюджеттен 80 миллион теңге бөлді. Бұл екі мавзолей Қазақстанның республикалық маңызы бар ...

Толығырақ »

Ертең елордада Тобыл-Торғай өңірі өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Ертең елордада «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында Қостанай облысының мәдени күндері басталмақ. Екі күнге созылатын ауқымды шарада Тобыл-Торғай өңірі өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды kostanaytany.kz. Сауда Қ.Мұнайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінде 5-6 тамыз аралығында, сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жүреді. Бүгін Қостанайдан 650 тонна тауар елордаға жол тартты. Көшті Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов шығарып салды. — Облыстағы 11 аудан ...

Толығырақ »

Астанада Қостанай облысының мәдени күндері өтеді

2017 жылдың 5-9 тамызы аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Қостанай облысының күндері өтеді. Осы күндер аясында Қостанай облысының үздік қайраткерлері өнерін көрсететін Мәдениет күндері ұйымдастырылатын болады: суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлері, филармония және театр әртістері, спорттық жарыстар және өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің Жәрмеңкесі. Қостанай облысы күндері шеңберінде сіздер келесі шараларға куә бола аласыздар: 5 тамызда, 21.30 с. ...

Толығырақ »

Қостанай облысының мектептерінде Өлкетану пәні оқытылады

Жаңа оқу жылынан бастап Қостанай облысындағы мектептерде өлкетану пәні оқытылады. Бұл туралы аппарат жиналысында облыстық Білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова айтты деп хабарлайды «Қостанай таңы» газеті. Бұл бастама әуелі қосымша сабақ ретінде 5-сыныптан бастап оқытылады. Қостанай мұғалімдері өлкетану сабағын былтыр №1 мектеп қабырғасында сынап көрген. Енді, міне, облыстағы барлық білім ошақтарына жол тартпақ. Жаңа пән арқылы оқушылар облыстың тарихын, жекелеген ...

Толығырақ »