Қостанай облысының мектептерінде Өлкетану пәні оқытылады

Жаңа оқу жылынан бастап Қостанай облысындағы мектептерде өлкетану пәні оқытылады. Бұл туралы аппарат жиналысында облыстық Білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова айтты деп хабарлайды «Қостанай таңы» газеті.

Бұл бастама әуелі қосымша сабақ ретінде 5-сыныптан бастап оқытылады. Қостанай мұғалімдері өлкетану сабағын былтыр №1 мектеп қабырғасында сынап көрген. Енді, міне, облыстағы барлық білім ошақтарына жол тартпақ. Жаңа пән арқылы оқушылар облыстың тарихын, жекелеген тұлғаларды танып-біледі. Сондай-ақ өңір басшысы Архимед Мұхамбетов әр мектеп түрлі салада жетістікке жеткен түлектерімен кездесулер ұйымдастырып, оқушыларға үлгі ету керек деп ескертті. Бұл қадам үлкен серпін бермек дейді облыс әкімі. Мәселен, Қостанайдағы №115 мектептің түлегі, сенатор Серік Бектұрғанов өзі түлеп ұшқан алтын ұясына әлі күнге дейін қарайласып тұратынын айтты. Тіпті, ол кісі үздік оқушыларға арнап стипендия да тағайындаған.

www.kostanaytany.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *