Жаркөлден жағымды жаңалық!

Өткен демалыс күндері Жаркөлдік азаматтардың бірігіп салған мешітінің салтанатты ашылуы болды. Сабақты ине сəтімен келіп, Торғайдағы Оспан қожа мешітінің 25 жылдығына келген құрметті қонақтар қуанышымызға ортақтасып, жылы лебіздерін білдіріп кетті. Қостанай облысының бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы сөз сөйлеп, айтыскер Мұхтар Ниязов арнау айтты. Ауылдағы іскер азаматтар ас берді. Ол жерде де, Торғай өңірінің құрметті, беделді ел ағалары құттықтау сөздерін арнады. Астың соңы елімізге танымал ақындардың айтысына, сондай-ақ Біржан Жүзбай бастап келген өнарпаздардың əн күйіне ұласты. Облыс имамы өз жұмысын жиып қойып, құрылыстың басы-қасында жүріп, ұйымдастырған Бақыт Қабдырашты алғыс хатпен марапаттап, ауыл жастары шапан жапты. Алматы жақтан келіп жиһаз сатып жүрген бір кісі, қуаныштың үстінен түсіп, азаматтық танытып мешітке киім ілгіш сыйлап кетті.
Сөйтіп, көшесіне адам толып, ауылдың ажары кіріп қалды.


Ауылдастардың əкім туралы əңгімелері де жақсы. Бұрынғыдай түнде сүрініп, құлап жүрмейді екен, үйге фонариксіз бара беретін болыпты. Самаладай жарқыратып жарық орнатыпты. Өмірі тазармаған көше тазарыпты. Келген қонақтарды тік тұрып қарсы алып, зыр жүгіріп жүргенін көзіміз көрді.
Ауыл халқы бір серпіліп қалды. Ауыл жастарының ұйымшылдығы жалғасын таба берсе екен дейміз.

Асылбек Көшербай, фотоға түсірген автор

Мынаны да қараңыз

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-9

Дәулеттібике Осыдан бұрын көптеген ғасырлар мен жылдар өтіп елде тоқтық, уайым-қайғысыз күндері өтіп жатты. Елдің ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *