Monthly Archives: қараша 2017

Әріптесіміз Гүлім Ысмағұл өңірдегі ең жас депутат атанды

Талай біртуар дарындар берген Торғай өңірінің халқы белгілі журналист Мылтықбай Ысмағұлды жақсы білетін. Өйткені, ол өзінің жарқын дарынымен, ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасымен артына өшпес рухани мұрасын қалдырған ұлтжанды азамат еді. Ол бұл күндері арамызда жоқ болса да оның бастаған ісін, жан-тәнімен сүйіп атқарған кәсібін өзі алақанына салып өсірген аяулы қызы Гүлім ойдағыдай жалғастырып келеді. Дарынды да инабатты әріптесіміз 23 жасында Жангелдин ...

Толығырақ »

Мұхамбетов Тәуелсіздік күнін тәрк етіп отыр ма?

  «Атың шықпаса, жер өрте» деген сүйкімсіздеу сөзді бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке қарата айтудың реті келіп отыр… Қазақ халқы Тәуелсіздік күні мерекесін асыға күтіп жүргенде, Мұхамбетов дәл 16 желтоқсан күні Қостанайдың қақ ортасына биіктігі 22 метр болатын жаңажылдық шырша тікпекші. «Қостанай қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Мадиярованың айтуынша, басты шырша 600 жарықдиодты пиксельдермен безендіріледі» ...

Толығырақ »

Білімнің туын тіккен Троицк

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Н.Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан Бүгінгі таңда білім, данышпан Абай бұдан бір ғасырдан астам бұрын айтып кеткеніндей, «дүниенің кілті» болып отыр. Сан ғасыр бойы көбіне қара күшке сеніп келген керенаулау саланың бірі – экономиканың өзі ғылымның өндіргіш қабілетіне баса ден қойып, қаражаттың көбін оқу орындарындағы зерделеу-зерттеу жұмыстарына ...

Толығырақ »

Ұлттық бірегейліктің басты белгісі

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді… Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады… Н.Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан Қазақ сияқты көшпелі елдің материалдық жәдігерлері көбіне-көп қалалар мен кенттерде, сәулет ескерткіш­терінде ғана сақталмай, сондай-ақ әлемнің әр түпкірлеріндегі жер атауларында көрініс тауып отыратынын ға­лым­дарымыз айтып та, жазып та жүр. Дегендей-ақ, ...

Толығырақ »

Еліміздегі мұғалімдердің жалақысы соңғы жылдары қалай өзгерді?

Қазақстанда 2012 жылдан 2016 жылға дейін мұғалімдердің жалақысының орташа көлемі 67 900 теңгеден 99 100 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында айтылды. «Мұғалім мамандығына деген сұраныс жалақы мөлшеріне қарай анықталатынын жақсы түсінеміз. Біздің министрлік педагогтар кірісін көтеруге барынша тырысып келеді. Әрине, мұғалімнің жалақысына оның білім санаты, жұмыс өтілі, оқу жүктемесі секілді жайттар ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ЖЫЛАНШЫҚ ГИДРОНИМІ

Торғай даласындағы белгілі ұзын өзендердің бірі – Ұлы Жыланшық. Өзеннің бастауы – Ұлытау сілемдері. Географиялық мәліметтер бойынша, өзеннің аңғары Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі Ұлытау таулы массивінің теңіз деңгейінен 750 м биіктігінен басталып, Торғайдың Жанкелді ауданындағы Ақкөл көліне (еңістігі 65 м) құяды. Жыланшық Ұлытаудан аққан екі өзен саласының бірігуінен пайда болады. Оң жақ саласы — Үлкен Жыланшықтың ұзындығы 163 км, сол жақ ...

Толығырақ »

Төлен Әбдіктің парасат әлемі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті көрнекті қоғам қайраткері, талантты жазушы Төлен Әбдіктің 75 жылдығына арнап «Төлен Әбдіковтің парасат әлемі» атты әдеби-шығармашылық кеш өткізді. Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат көрнекті  жазушы-драматург Т.Әбдіктің шығармашылығын қазіргі заман тұрғысынан терең тану арқылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының негізінде Тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа дәуірдің зиялысының болмысын бағамдау, мән-маңызын ашу болды. Әдеби кешке Жазушылар ...

Толығырақ »

Отандық автоөндіріс саласын кеңейтеміз – Архимед МҰХАМБЕТОВ

«СарыарқаАвтоПром» зауыты, China National Vehicle Import and Export Company жəне «Kazakhexport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қол қою рәсіміне Қостанай облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Қазақстанның Даму банкінің төрағасы Болат Жəмішев, «Аллюр» компания тобы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Цхай, General Technology Group компаниясының өкілі Ванг Су ...

Толығырақ »

Абыройы асқан асыл азамат

Атам қазақта «әкесі достың баласы дос» дейтін аталы сөз бар. Иә, менің де әкемнің өзімен сыйлас әрі құрдас жандарының бірі Ғазиз қажы Әмірханұлы болатын. Ал өз ретінде Ғазиз әкеміздің баласы Шоқан қажы менімен сыйлас бауырымыз. Міне, сөйтіп, өткен сенбіде Қостанай қаласында Ғазиз қажының құрметіне өткізілген шараларға қатысып келген түрім бар. Әуелі Қостанай облысы Білім басқармасының мұрындық болуымен Ғазиз Әмірханұлының 90 ...

Толығырақ »

МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН ЖӘНЕ «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ

Қарабалық кентіндегі М.Сералиннің бюсті Мұхамеджан Сералин 1872 жылы Қостанай уезі Шұбар болысының №5 ауылында (қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылында) туған. Көрнекті жазушы, білікті журналист, қоғам қайраткері ретінде танылған Мұхамеджан 3 жасқа толғанда әкесі Сералы қожа қайтыс болады да, ауыр тұрмыс жағдайынан шешесі балаларын алып Троицкідеге туыстарына кетеді. Мұхамеджан Сералин 1880-1887 жылдары Троицкідегі медреседе оқиды, оны аяқтағаннан кейін Қостанайдағы ...

Толығырақ »