Еліміздегі мұғалімдердің жалақысы соңғы жылдары қалай өзгерді?

Қазақстанда 2012 жылдан 2016 жылға дейін мұғалімдердің жалақысының орташа көлемі 67 900 теңгеден 99 100 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында айтылды.
«Мұғалім мамандығына деген сұраныс жалақы мөлшеріне қарай анықталатынын жақсы түсінеміз. Біздің министрлік педагогтар кірісін көтеруге барынша тырысып келеді. Әрине, мұғалімнің жалақысына оның білім санаты, жұмыс өтілі, оқу жүктемесі секілді жайттар да әсер ететіні сөзсіз» делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 2012-2016 жылдар аралығында мұғалімдер 45,9 пайызға артық ақы ала бастады. Жалақының өсу қарқынына тоқталар болсақ, 2012 жыл мен 2015 жыл аралығында қазақстандық педагогтардың айлығы 2-7 пайызға, ал 2016 жылы 31,8 пайызға артқан.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай аэропортында жаңа бағыттарға әуе рейстері ашылады

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *