Қостанайлық 120 отбасы баспаналы болды

 

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған көп қабатты екі тұрғын үй ел игілігіне берілді. Жаңа үйлер №9  және «Әуежай» шағын аудандарында орналасқан деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысандар жергілікті атқарушы органдар бағыты бойынша салынған. Пәтерлердің 50%-ын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  салымшылары бөліссе, ал қалған 50%-ы әкімдікте үй кезегінде тұрған адамдарға берілді.

Салтанатты іс-шараны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ашып, қуаныш иелеріне көптен күткен пәтер кілттерін табыстады.

«Елбасының тапсырмасымен елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Биыл біз бірқатар әлеуметтік нысынды іске қостық. Мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған үйлерді тұрғындардың игілігіне беріп отырмыз. Көп кешікпей «Әуежай» шағын ауданында тағы да жаңа пәтерлер өз иелеріне табысталады»  деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, жоспар бойынша, «Әуежай» шағын ауданында 41 үй салынуы керек, соның 16-сы қазір қолданысқа берілді, тағы 12 үйдің құрылысы аяқталуға жақын, ал жуырда 7 үйдің құрылысы басталады.

«Одан бөлек, осы маңда әлеуметтік нысандар да бой көтереді. Мәселен, 900 орындық мектеп және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша бір спорттық кешен салынады» деді өңір басшысы.

Бүгінгі күні аймақтың 43 000 тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары, қазір олар 1 шаршы метрінің бағасы 128 000 теңге болатын құны төмендетілген үй алу мүмкіндігін де пайдалана алады.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *