Президент жаңадан бой көтерген «Kostanay Plaza» орталығында болды

 
Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Kostanay Plaza» сауда, ойын-сауық орталығында болды деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы сауда орындары галереясы, отбасылық ойын-сауық саябағы, 6 залы бар кинотеатр және тағамды жедел әзірлейтін мейрамханасы бар фудкорт орналасқан жаңа сауда және ойын-сауық орталығын аралап көрді. Сауда, ойын-сауық орталығының жалпы аумағы 25 264 шаршы метрді құрайды» делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салайық, жұмыс сапарымен Қостанайға келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нысанда болды. Атап айтқанда, Президент «Əуежай» шағын ауданында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Шағын ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ, спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «СарыарқаАвтоПром» зауытына барды. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС ұсақтүйінді өндіріс бойынша жаңа технологиялық əдісті іске қосты. Əдіс «монокок» деп аталады. Президентке Peugeot, JAC, Iveco жəне басқа да электромобильдер көрсетілді. Шетелдік инвесторлармен, зауыт қызметкерлерімен өткен кездесуден кейін Елбасына Қостанай облысының инвестициялық əлеуеті таныстырылды.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *