Елбасы қостанайлық диқандарға алғысын білдірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елбасы онда «Милх» сүт өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Бұл серіктестік жақында құны 2 млрд теңге болатын сүт өнімдерін шығаратын жаңа цехты іске қосты. Сондай-ақ Елбасы өз сөзінде қостанайлық диқандарға алғысын білдірді.
«Биылғы құбылмалы ауа-райына қарамастан мол астық бастырдыңыздар. Көрсеткіштеріңіз көңіл қуантады. Бірақ, облыста ғылыми орталықтар жетіспейді. Бидайдың сапасын әлі де арттыру керек. Астық сұрыпын ғылыми жағынан зерттеу қажеттілігі туындайды. Болашақта мұны ескеріңіздер!» деп тапсырды Президент. Нұрсұлтан Назарбаев серіктестік жұмысын әрі қарай дамытуды жүктеп, болашақта олардың әлемдік нарыққа шыға алатындай болуы керектігін айтты.
«Кәсіпорын өндірісін кеңейту туралы былтырдан бері айтылып келе жатты. Көздеген мақсатқа биыл қол жеткіздік. Өндіріс қуаттылығы 30 мың тоннаға жетіп отыр. Біздің өнім негізгі бәсекелестеріміздікінен кем түспейді деп нық сеніммен айта аламын» деді «Милх» ЖШС басшысы Сергей Блок.

«Милх» ЖШС Қостанай облысындағы сүт өнімдерін дайындайтын заманауи ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Кәсіпорын алғашқы өнімін 1997 жылы шығарған. Фирма отандық және халықаралық сапа байқауында бірнеше мәрте марапатталған. Үстіміздегі жылы «Милх» серіктестігі сүт өнімдерін сақтау қоймасы мен балмұздақ өндірісі цехын ашты. Тартылған инвестиция көлемі — 1,3 млрд теңге.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *