Елбасы жас теннисшілермен кездесті

Қостанайда екі күндік жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теннис орталығына барды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елбасы халық арасында үлкен теннисті танымал етуге бағытталған спорт кешенінің қызметімен танысты. Спорттық нысан 2015 жылы салынған, 788 миллион теңге жұмсалып, құрылыс жұмыстары 4 жыл жүрді. Ғимарат ішінде 3 корт, сыртта тағы сондай 3 теннис алаңы бар. Орталық 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жас теннисшілер Президент алдында жетістіктерін жарыса жеткізді. Елбасы да балаларға үлкен тенниспен айналысқанын айтты.
«Теннис — менің сүйікті спортым. Кезінде мен де ойнағанмын. Тек білімі мен денсаулығы бар адам ғана жеңіске жетеді деп үнемі айтып жүремін. Жастар спортпен белсене айналысуы керек. Сендер де достарыңды спортпен шұғылдануға шақырыңдар!» деді Елбасы.
Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде халықаралық дәрежеде ойнап жүрген қазақстандықтар туралы айтты. Сондай-ақ үлкен теннистен Қостанай құрамасының бапкеріне тапсырмалар жүктеді.
inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *