Қостанайда емделуші аурухананың терезесінен секіріп кеткен

Қостанайдың қалалық ауруханасында ер адам төртінші қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы alau.kz хабарлады. Оқиға 6 қаңтарда болған. Бұл ақпаратты аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев растап отыр.
Дәрігердің сөзінше, 44 жастағы азаматтың жағдайы қалыпты болған. Ал түсте оған жақындары келіп кеткен. «Дезориентация байқалған жоқ немесе қозуы болған емес. Ешкім мұндай болады деп күдіктенбеді. 4-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Неге олай жасағанын білмеймін. Полиция анықтап жатыр» дейді Самат Шүменбаев.
Ер адамға не болғаны хабарланбай отыр.

alau.kz

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *