БҒМ мектептерді баланың санына қарай қаржыландыруға кірісті

Әзірше аталған жүйе үш қаланың мектептерінде пилоттық жоба ретінде іске асатын болады деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Былтыр біз «Білім беру туралы» заңға өзгерістерді енгіздік. Соның аясында мемлекеттік тапсырыс жеке жекеменшік мектептерге де беріле бастады. Мәселен, осы жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы жеке меншік мектепте пилоттық жоба қолға алынды. Шымкентте қыркүйек айында басталады. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Астана қаласында да жеке меншік мектептерді оқушылардың санына қарай қаржыландырудың пилоттық жобасы қолға алынады. Шамамен, 3 720 орын болады» деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Астана мен Шымкенттің тәжірибесі негізінде оқушылардың санына қарай қаржыландыру жүйесі басқа аймақтарға да таралатын болады. Бұдан бөлек, мектептер құрылысына инвесторларды тарту мақсатында осы санаттағы құрылыс нысандардың нормаларын жетілдіріп, біліктілік талаптарын жеңілдету жоспарланған.
«Ал білім беру саласын либерализациялау аясында мектептерді ұйымдастыру формасын өзгерту көзделіп отыр. Ондай нысандар шаруашылық мақсаттағы мемлекеттік кәсіпорындар болады. Осыған орай, біз тиісті заңның жобасын әзірледік», — деп атап көрсетті Б.Асылова.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

«АХМЕТ ұшқан алтын ұя»: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы семинар өткізді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылған «АХМЕТ ұшқан алтын ұя» өңірлік семинары ...