Қостанай түрмесіне есірткі қосылған бал жіберілген

Қостанай облысында жазасын өтеушіге есірткі затын өткізу әрекетінің жолы кесілді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, есірткі сотталушыға әкелінген сәлемдемені тексеру кезінде шыққан. «Жазасын өтеушіге келген пластмасса ыдыста бал мен грек жаңғағы болған. Тексеру барысында бал арасынан полиэтилен түйіншек табылды. Оның ішінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат жасырылған. Сараптама нәтижесінен соң, түйіншекке 33 грамм гашиш салынғаны анықталды» делінген ведомство таратқан хабарламада.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *