Қостанайда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 4,2%-ға артқан

Қостанайда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 4,2%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, былтыр облыс бойынша барлығы 747,2 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

«Бұл ретте жалпы өндіру көлемі 4,2%-ға өсті. Ал жан басына шаққандағы индекс көлемі — 104,2%. Ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіш 3,5%-ға тең. 2017 жылы сауда-саттық 5%-ға өсіпті. Ал экономиканың негізгі локомотиві саналатын тұрғын үй құрылысына 2016 жылға қарағанда 2,8% инвестиция артық құйылған. Осылайша, тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 36%-ға артты» деді облыс әкімінің орынбасары өз баяндамасында.

Өңірде еңбек өнімділігі 1,2 млн теңгеге өсіп отыр. Тағы бір айта кетерлігі, Қостанайда өнеркәсіп өнімдері көлемінің 90%-ы 4 кәсіпорынға тиесілі. Атап айтқанда, «Соколов-Сарыбай» кен өндіру басқармасы — 23,3%, «Варваринское» — 59,9%, «Қостанай минералдары» — 8,8%, «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС өндіріс көлемі 3,5%-ға ұлғайды. Облыс әкімі жоғары нәтижеге қол жеткізген өндіріс ошақтарына алғыс білдірді.

«Мені жан басына шаққандағы индекс көлемінің артқаны қуантып отыр. Әрине, бұл жоғарыда аталған өндіріс ошақтарының арқасы. Биылғы жылы да осы үдеден шығуымыз керек. Өткен жыл жаман болған жоқ. Сол көрсеткішті төмендетпеуге міндеттіміз» деді облыс әкімі.

Спановтың дерегіне сүйенсек, өндіріс саласында кейбір аудандардың көрсеткіші төмен. Мәселен, Арқалық қаласы мен Алтынсарин, Федоров аудандары тиісті межеден шыға алмаған.

Өңір басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша артта қалған аудан әкімдерінен жағдайды уақыт оздырмай түзеуді тапсырды.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *